Сенбі, 23 Қараша 2024
Өнер 6652 6 пікір 18 Желтоқсан, 2019 сағат 11:33

«Алтын домбыра» иегері анықталды

Орал қаласында атты VІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысының бас жүлдесін белгілі ақын Рүстем Қайыртайұлы жеңіп алды.

Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізген доданың финалында он ақын өнер көрсетті. Ал ақтық сынға Рүстем Қайыртайұлы мен бұған дейін «Алтын домбыра» жүлдесін екі мәрте жеңіп алған Мұхтар Ниязов шықты.

Қазылар алқасының шешімімен «Алтын домбырамен» бірге бас жүлде (4 млн теңге) Рүстем Қайыртайға берілді.

Мұхтар Ниязов бірінші жүлдеге (2 млн теңге) қоса «Айтыстың ақтаңгері» атағына ие болды.

Жансая Мусина мен Қазірет Бердіхан екінші (1 млн теңгеден) , Айбек Қалиев пен Өміржан Көпбосынов үшінші (700 мың теңгеден) орынға көтерілсе, Аспанбек Шұғатаев, Әсем Ережеқызы, Қанат Мырзаханға арнайы жүлде (350 мың теңгеден) берілді.

Айтыс меценаты, «Tas Group» компаниялар тобының жетекшісі Дулат Тастекеев батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлына жалпы құны 2,4 млн теңгелік бір жылдық стипендия тағайындады. Сондай-ақ кәсіпкер қарағандылық Дидар Қамиев пен оралдық ақын, осы айтысты ұйымдастырушылардың бірі Бауыржан Халиоллаға ат мінгізді.

Жүлделерді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы төрағалық еткен қазылар алқасы тапсырды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485