Желтоқсан көтерілісі туралы жазған Дэвид Ремникпен кездейсоқ кездесу
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы батыс басылымдарын оқи отырып, Вашингтон Пост газетінің Мәскеудегі меншікті тілшісі Дэвид Ремник жиі көзге түсті. Тақырыпқа сол жауапты болған көрінеді, бірнеше материал арнапты. Осы журналистке жолығу керек деп ойладым да қалдым.
Пулитцер премиясын тағайындаудың қызық процедурасы бар. Әділ қазы ретінде таңдалған журналистер мен редакторлар біздің университетте жұмыс жиналысын өткізетін болды да, студенттерге бонус ретінде сол кісілермен бір сағаттық кездесу ұйымдастырылды. Жұмыс тобының жиыны сағат 8:00 уақытында басталса, студенттермен кездесу бір сағат бұрын өтетін болды. Демек, таңғы cағат 7-де.
Ақпанның 20 күні Вашингтонға барғанмын. Магистрлік жұмысымның кейіпкері Әсия Сардарбекпен, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеу жүргізген Human Rights Watch ұйымының бұрынғы қызметкері Кэтрин Косманмен кездестім. Косман да Ремникпен жолуғыда ұсынды. 21 ақпан Нью-Йоркке жолға шыққанмын.
Әлгі кездесу басталғанда ұйқылы отырғанмын. Сол кезде панельге қатысып жатқанда өздерін таныстырып жатыр. Мен "Дэвид Ремникпін..." дегенде ұйқым ашылып кетті. Осындай да кездейсоқтық болады екен-ау дедім.
Студенттермен кездескен соң жұмыс тобына асығып бара жатыр екен, жол жөнекей тілдесіп үлгердім. Бар білгенімді сол кезде жаздым, көп жайды ұмытып қалдым деді.
Мына мақаласын 1990 жылы жазыпты. Хасен Қожахметовтың, Мұхтар Шахановтың және Олжас Сүлейменовтың пікірлерін беріпті. Тақырыбын да әдемі қойыпты. "Желтоқсан оқиғасы империя ақырының бастауы болды" дейді.
Ремник Қазақ жерінде ұлтшылдық қозғалысының күшейіп келе жатқаны орыс тілділерді алаңдатады деп, "Единство" тобының жетекшісі Юрий Бунаковтың пікірін беріпті. Ол болса: "Қазақстанда Берлин қабырғасы пайда болып келеді. Олар бәріміздің қазақша сөйлеуімізді талап етуде," депті.
Дархан Өмірбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz