Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3090 0 пікір 25 Желтоқсан, 2019 сағат 11:29

Алматыда аштық жариялаған белсенділерді босатуды талап етті

24 желтоқсанда бір топ азамат Алматыдағы Лобачевский көшесіндегі уақытша қамау орнына барып, бірнеше күннен бері аштық жариялап жатқан белсенділерді босатуды талап етті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деп айыпталып, 10-15 күнге қамалған бірнеше адам желтоқсанның 20-сы күні өткен аппеляциялық соттың шешімінен кейін, наразылық білдіріп, аштық жариялаған еді. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, олар өздері сияқты айыпталып, қамалған жиырмадан астам адамды босатуды талап еткен.

Белсенділерді қолдап, оларды босатуды талап еткен азаматтар арасында құқық қорғаушы Ерлан Қалиев, қоғам белсендісі Маржан Аспандиярова, белсенді Жанболат Мамай, Сақып Жаңабаева және аштық жариялаған адамдардың туыстары және өзге де қала тұрғындары болды. Олар қамау орнының алдында қоғамдық-саяси ахуалға байланысты пікірлерін айтып, саяси тұтқындарды босатуды талап етті. "Бостандық!" деп айқайлады. Алайда мекемеден ешкім шыққан жоқ. Құқық қорғаушылардың айтуынша, олар белсенділердің адвокаты болмағандықтан оларды ішке кіргізбейді. Олар қамаудағы белсенділердің жағдайын білгісі келетінін айтты.

"Біз жасаған тізім бойынша мекемеде қамауда отырған 26 адам аштық жариялаған. Олардың аштық жариялауының себебі белгісіз. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, қамалғандар мекеме қызметкерлерінің қысымына шағымданған. Тәуелсіз бақылаушыларды ішке кіргізбейді" деген Ерлан Қалиев.

Кеше адвокат Жанар Балғабаева аштық жариялаған белсенділер Қанат Жақыпов және Асхат Жексебаевпен кездескенін, Жақыповтың басы айналып тұрғанын айтқан еді. Олар тек су ішеді.

Ал Алматы қалалық полиция департаменті Азаттыққа қамауда отырғандардың аштық жариялағанын растамаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984