Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
5038 1 пікір 27 Желтоқсан, 2019 сағат 12:01

ҚМДБ Ұшақ апатынан қаза болған отбасыларға көңіл айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.

«Алматы халықаралық әуежайы маңында болған қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан сіздерге, ағайын-туыстарыңызға, барша халыққа көңіл айтамын. Қайғылы жағдай біздің де жанымызға батты, жүрегімізді ауыртты.

Жаратушы Иеміз марқұмдарды өз мейіріміне бөлесін деп тілейміз. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа сұраймыз. Алла Тағала елімізді, жерімізді тосыннан келетін түрлі апаттан сақтасын. Ел аман, жұрт тыныш болғай. Әмин!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Айта кетейік, бүгіін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2554
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676