Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
3701 2 пікір 8 Қаңтар, 2020 сағат 10:30

Путин аяқ астынан Сирияға барып, Асадпен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні, аяқ астынан Сирия астанасы Дамаскіге барды. Оның бұл сапары алдын ала хабарланбаған.

Президент баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөздеріне сілтеме жасап, ресейлік БАҚ Путин әуежайдан бірден ресейлік әскери базаға аттанғанын жазады. Ол жақта Сирия президенті Башар Асадпен кездескен.

Кездесу барысында Путин Сирия тұтастығын қалпына келтіру мақсатында көп шаруалар істелгенін атап өткен. Асад Ресейдің көмегі үшін Путинге алғыс айтқан.

Сирияға Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу да барған.

Путин Таяу Шығыста жағдай ушығып жатқан тұста Сирияға барып отыр. Иран секілді Ресей де қарулы оппозициямен күресте Башар Асадқа қолдау көрсетіп келеді. Ал АҚШ одақтасы сириялық күрдтер.

8 қаңтарда Ресей президентінің Түркияға сапары жоспарланып отыр. Онда ол "Түрік ағыны" газқұбырының ашылуына қатыспақ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984