Сәрсенбі, 5 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 93820. Жазылғандар — 65132. Қайтыс болғандар — 1058
982 3 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 15:03

ЕҰУ да "Абай жолын" оқудан марафон басталды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын оқуға арналған әдеби марафон басталды. Бұл туралы ақынның мерейтойы аясында университетте өткен "Біз Абай жолындамыз" атты жиында айтылған. 

-Шарада ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультетінің 3-курс студенті, "Qamqor" еріктілер қозғалысының мүшесі Диана Сайлаубаева Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа ұсыныс жасап, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқуды өтінді. Ректор Ерлан Бәтташұлы студент ұсынысын қабыл алып, әдеби марафонды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеновке, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке жолдады, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Ауқымды марафонға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жиырма мыңнан аса студенттері мен екі мыңға жуық профессор-оқытушылары және сала қызметкерлері қосылған.

-Сондай-ақ, бұл шараға біздің Қазақстанның ең алыс түкпіріндегі оқырмандар мен шетелде тұратын қандастарымыз да белсене қатысады деген сенімдеміз, - дейді университет өкілдері.

Abai.kz

 

3 пікір