Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3579 12 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 11:06

300 жастың үшеуі ел игілігіне қызмет етсе - үлкен олжа!

Президенттік жастар кадрлық резервке кірген 300 жасты танымай жатырсыздар ма? Фейзбукті қарасам 300-і бірге түскен суреттен кімнің кім екенін ажырата алмай қатты қиналғандар бар сияқты. Одан сырт тағы 300 адамды асырайтын болдық деп алаңдап жатқандар да, олар нақты тәжірибеде шыңдалмағандар деп сенімсіздік білдіріп жатқандар да бар екен. Бір жағынан мұндай күмәндарыңыз да жөн шығар? Өйткені сіздер оларды қазір толық танымайсыздар. Олар есімдері белгілі, кешегі ел басқарып жүрген бір әкімнің, немесе Сенат спикерінің баласы, президенттің немересі емес. Бұған дейін ешбір мемлекеттік қызметкерді ондай сынақтардан өткізіп барып, тағайындамаған соң Резервке қатысушылардың қандай сынтардан өтетіні сіздердің де тәжірибелеріңізде жоқ болар. Сондықтан, сіздерге беймәлім 300 жасты тану болашақтың еншісінде болса керек.

Адамдар әдетте өздері өтпей қалған конкурстарды "әділетсіз өтті" деп "сынап" жатады. Бірақ, бұл конкурстан өтпей қалған 12988 кандидаттың бұлай айтып немесе жазып жатқанын байқамадым. Керісінше олар бұл конкурстың шет-жағасын көрген соң 300 жастың дарындарын бағалап, құрмет еткен шығар. Мен солай бұл жастардың нағыз дарынды жастар екеніне сенемін. Өйткені конкурсты бастан бақылап отырдым.

Әрине, бұл байқауды 100% ойдағыдай өтті демеймін. Әттеген-ай дейтін жері де болды. Ол баяғы сол 30 жылдан бері "әттеген-ай" дегізіп келе жатқан тіл мәселесі. Конкурстың алғашқы сатысының бірі кандидаттардың тест сұрақтарында қазақ тілді тест тапсырушыларға аударма тіл өз салқынын тигізді. Орыс тілінде жасап, қазақшаға электронды есептеу машинасының көмегімен аударған. Бұл сыннан 4843 жас құлап, 902 жас ғана 50 баллдан 30 балдан жоғары жинаған. Бұның басым бөлігі тесті орыс тілінде тапсырған жастарымыз. Сондықтан да 300 жастың ішінде конкусты мемлекеттік тілде тапсырғандар саны аздау. Әрине бұдан алғашқы емтиханнан өтуге шешуші рол атқарған тек тіл мәселесі деп айтуымызға келмейді. Бұл үш түрлі себептің бірі. Яғни, тестке қатысқан 4843 жастың құлауына бірінші тест сұрақтарының күрделілігі әсер етті. Ол сұрақтан соншалықты қиын болмаса да өте үлкен жылдамдықпен шығаруды қажет етті. Әр сұраққа 1 минут. Ол сұрақтарды аударма тілмен оқып, жаңылтпаш сұрақтың нақты нені сұрап отырғанын білгеніңше есепті шешетін 1 минутыңыз өтіп кетеді.

Математикалық есептерде сұрақты бір минут оқып, ары қарай сандарға талдау жасап, алгоритм бойынша нәтижесіңізді есептеп шыққаныңызша тағы 1,2 минутыңыз кетеді. Есепте бір саннан жаңылсаңыз, 3 минут уақыт жұмсап шығарған есебіңіз тағы зая кеткені. Міне бұл сіздің жылдамдығыңыз бен мұқияттылығыңызды қажет етті. Осылай есептің берлісінің ұзақтығы мен аударманың түсініксізігіне ұшыраған кей жастар техникалық қиындықтарға да ұшырады. Елдің түкпір-түкірінен онлайн тапсырғандықтан өңірлерден тапсырушыларға интернет жылдамдығы да үлкен кедергісін жасады. Есесіне еліміздің ірі қалалары мен шетелде тұрып тапсырғандар жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіді. Ең жоғарғы балл жаңылмасам 47 болды. Бірақ, 40 баллдан асқандар онша көп емес. Ондай мыңнан тұлпар болып оза шапқан жастарды қалай бағаламайсың?

Осы сыннан шектік балды алып өткен соң, қатысушыларға қалған сындарда оңай болмады. Берілген тапсырмалар бойынша жеке және топтық жоба жасап қорғады. Осы сияқты түрлі сындардан өтіп, 300 жас іріктеліп отыр. Бұны мен осы сыннан сүрінбей өтіп, 300-дің бірі болған азаматтың бар қадамы көз алдымда болған соң жазып отырмын. Енді сол азаматтарға нақты істерде өздерін толыққанды көрсетуге мүмкіндік берілсе болғаны. Мемлекет дұрыс бағытта қолдана алса деймін.

Бұл байқаудан қандай атақты кәсіпкерлердің, белгілі саясаткерлердің балалары өтпей қалғанын ақпарат құралдары жазды. Керісінше билікте еш тамыр- танысы жоқ, қарапайым ауылда туып өскен қыз-жігіттер, 5, 10 жылдың алдында ғана шетелден Отанына оралған жастар кірді.

Арзан атақ пен жалған ат шығарудың соңына түсіп, популистік жолмен төске өрлегісі келетіндерге қарағанда бұған дейін түрлі салада өз білімі мен іскерлігін жетілдіріп, кезі келгенде өз қарым-қабілетіін көрсеткен азаматтар алдағы уақытта жауапкершілікпен жұмыс жасайды деген үміттеміз. Алда мұндай іріктеулер тағы болады дейді. Бұл жолы қатысып үлгермегендер келесі жолдары қатысып, өз мүміндіктерін көрсетер. Бұдан кейін мемлекеттік қызметтің түрлі саласында да тек жастардан ғана емес, жас шектемесінсіз осындай ашық конкурстар арықылы іріктеулердің болғаны жөн деп санаймын.

Түптеп келгенде осы 300 жастың отызы, тіпті үші халқымыз бен мемлекетімізге қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен тұлғаға айналып жатса да үлкен олжа.

Тұрдыбек Құрметханның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480