Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3765 2 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 11:23

Қор болған бюджет ақшасы!

Әлеуметтік желілердің бірінде тележурналист Нұргүл Ахметованың СҚО Есіл ауданының Заградовка ауылына баратын автожолдағы 5 километр учаскені жөндеу үшін 340 миллион теңге бөлінгенін және оған 50-ден астам белгі қойылуға тиіс болғанын, алайда іс жүзінде жұмыс сапасы сын көтермейтінін естіп,  "Nur Oran" партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге тексеріс жасадық.

Облыстық мәслихаттың депутаты, Заградовкадағы ірі шаруашылықтың басшысы Юрий Шоль да келіп, жөндеу жасалған жолдың жағдайы мәз еместігін айтты.

Біз де өз көзімізбен көрдік: 50-ден астам жол белгісін көре алмадық. Аудандық әкімдіктің өкілі беті бүлк етпей, ондай белгілердің бәрі орнатылғанын, алайда біреулер жуырда ұрлап әкеткенін мәлімдеді. Сенесің бе, сенбейсің бе?! Екі ай бұрын ғана пайдалануға берілген жолдың әр тұста ойдымы шығып жатыр екен.

Қор болған қайран бюджет ақшасы!
Бұл мәселемен қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жергілікті департаменті айналысып жатқан көрінеді.

Менің ендігі міндетім - осы жолдың " жырын" өз бақылауыма алу және Алик Шпекбаев мырзаға тиісті хат жазып, әділ де терең тексеріс жүргізуді сұрау.

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

2 пікір