Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3752 2 пікір 18 Қаңтар, 2020 сағат 15:45

IATA Bek Air компаниясынан арнайы ұшу кодын қайтарып алды

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Bek Air-ден кодын қайтарып алды. Халықаралық қауымдастықтың хаты Bek Air әуе компаниясының сайтында жарияланды.

Онда "Біз сіздердің компанияның Жолаушыларға қызмет көрсету Конференциясының 762 Резолюциясы бойынша IATA талаптарына сәйкес келмейтінін өкінішпен хабарлаймыз. 

Бұл хат арқылы сіз IATA сіздің Кодыңызды қайтарып алғанынан ресми  хабардар болдыңыз. Бұл шешім күшіне енді. Сондықтан, сіздің компанияңыз Кодты қолдануды дереу доғаруы керек. Ал тиісті ұшу Коды осы хат жазылғаннан 60 күннен кейін талаптарға сай келетін басқа ұйымға берілетін болады. 

Егер сіздің компания IATA талаптарына сай келетін болса, 60 күннің ішінде қайта тексеру жүргізіліп, ұшу Коды сіздің компанияға қайтарылуы мүмкін", делінген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1395
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 973