Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4692 9 пікір 20 Қаңтар, 2020 сағат 16:32

Білім беру бойынша 73 елдің ішінде 70-ші орындамыз

Қазақстан білім беру бойынша үздік 73 елдің ішінде 70-ші орын алды. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Сайт мәліметінше, 2019 жылдың үшінші тоқсанында елімізде мектепке дейінгі білім беру саласында 92,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Оның 79,9%-ы бюджет қаражаты, 19,7%-ы ата-аналардың ақшасы, 0,4%-ы кәсіпорындардың қаражаты.

Сондай-ақ, мамандар бұл саладағы қызметтердің тең жартысы халық тығыздығымен ерекшеленетін оңтүстіктегі 5 аймақта орналасқан деп санайды. Олар:

Түркістан - 11,8 млрд теңге;

Алматы - 9,6 млрд теңге;

Алматы облысы - 7,9 млрд теңге;

Жамбыл облысы - 7,7 млрд теңге;

Нұр-Сұлтан қаласы - 7,5 млрд теңге жұмсаған.

Білім сапасы бойынша рейтинг үш критерий негізінде жасалған. Ол - дамыған мемлекеттік білім жүйесінің болуы, ел азаматтарының жоғары білім алуын жоспарлау және мемлекет сапалы білім беруді қамтамасыз етеді деген сенімнің болуы негізге алынады.

Мұнда алғашқы бестікке АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция мемлекеттері кірген. Ал, Қазақстан 73 елдің ішінде 70 орынға тұрақтап, Ливан (69-орын) мен Мьянма (71-орын) арасында орналасқан.

Сондай-ақ, Қазақстан бала тәрбиесіне қолайлы әлем елдерінің рейтингінде 73 елдің ең соңында қалды. Бұл тізімде Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды елдері көш бастап тұр. Рейтинг бүкіләлемдік сауалнама арқылы сегіз санат бойынша жасалған. Олар:

- Адам құқығын сақтау;

- Отбасын құрметтеу;

- Гендерлік теңдік;

- Жалпы бақыт сезімі;

- Әділ, тең табыс мүмкіндігі;

- Қауіпсіздік;

- Алдыңғы қатарлы білім беру;

- Дамыған денсаулық сақтау жүйесі.

Сонымен бірге, Қазақстанда 18 ірі қаланың 8-інде мектепке дейінгі мекемелердің бағасы көтерілгендігі айтылады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475