Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
2551 3 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:25

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына тыйым салды

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы Өзбекстанға мыңдаған сиыр мен уақ малдың әкетілуіне байланысты мал экспортына тыйым салатынын хабарлады. 2019 жылғы 21 қазанда тек аналық мал экспорттауға уақытша шектеу салынған болатын.

- Малдың жаппай экспортталуы ет бағасын өсірді. Шикізат тапшылығынан Қазақстанның ет кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары толық жұмыс істей алмады,- деп мәлімдейді министрлік.

Министрлік мағлұматына қарағанда, 2019 жылы Қазақстаннан шетелге 156 мың сиыр шығарылған. Оның 121,6 мыңы немесе 78%-ы Өзбекстанға, 14%-ы Арменияға экспортталған.

Қазақстаннан экспортталған 264 мың қойдың жартысынан астамы - аналық. Оның 200 мыңнан астамы (76%) Өзбекстанға, 21,5 мыңы (8,1%) Ресейге, 18 мыңы (6,7%) Әзербайжанға, шамамен 12 мыңы (4,5%) Иранға жіберілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына тыйымды агро өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен байланыстырады. Бұл бағдарлама бойынша қайта өңделген өнім экспорты 2,5 есеге ұлғаюы тиіс.

Министрлік "Таяу жылдары малды сақтап, көбейту - отандық ет комбинаттарын қолайлы бағамен сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге және өңделген өнім өндірісі мен экспортын арттыруға мүмкіндік береді" деп санайды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2004