Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 5647 0 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:54

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығы Ақорда сайтында жария болды.

"Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", деп жазылған Жарлықта.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов осыған дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Ал Шымкент қаласының әкімі болған Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Президент пәрменімен қызметінен босатылған.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы армия генералы С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын "ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы болды. Төрт жылдан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне ауысты. Ал 2019 жылдың желтоқсанында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2007