Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3313 1 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 11:24

Ауғанстандағы америкалық ұшақ апатын "Талибан" мойнына алды

27 қаңтарда Ауғанстан шығысындағы Газни провинциясында ұшақ құлады. Мұны провинция губернаторының өкілі растады. Ұшақ радикалды «Талибан» қозғалысы қадағалайтын аймақта құлаған. Апат неден болғаны әзірге белгісіз.

Бірнеше сағат өткеннен кейін тәлібтер өкілі Забихулла Муджахид Газни провинциясына барлау мақсатымен ұшып бара жатқан америкалық ұшақ апатын қозғалыс мойнына алады деп мәлімдеді.

«Ұшақтағы барлық адам мерт болды, ішінде АҚШ барлауының бас офицерлері болды (Орталық барлау басқармасы)», – деп мәлімдейді БАҚ тәлібтер өкіліне сілтеме келтіріп.

Бастапқыда лайнер Ariana Afghan Airlines компаниясына тиесілі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Бірақ компания директоры бұл мәліметті теріске шығарды. Ал Flightradar құлаған ұшақтың америкалық әскерилер қолданғанын анықтады.

Ауғанстанның азаматтық авиация департаменті құлаған ұшақта бірде бір азаматтық тұлға болмады деп мәлімдеді. Азаттық радиосының ауған қызметі Ауғанстан билігіндегі дереккөзіне сүйеніп, апатқа ұшыраған әскери ұшақ деп хабарлады.

Ұшақ толық жанып кеткен.

Ұшақты кім құлатқаны әзірге нақты белгісіз. 2017 жылы АҚШ мемлекеттік хатшысы болған Рекс Тиллерсон Кремль "Талибан" өкілдеріне қару тасымалдайды деп мәлімдеген. Бұл ұйымды БҰҰ террористік ұйым деп таныған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031