Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Ел іші... 10504 8 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 12:44

200 теңге енді тиын болады

200 теңгелік монеталардың қолданысқа енетіні жайлы бұған дейін айтылған болатын. Ал бүгін, 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы үлгідегі 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарғанын хабарлады.

Сонымен, қазақстандықтар 2020 жылдан бастап 200 теңгелік монеталарды пайдаланатын болады. Ал номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді. Айналымнан табиғи тозу бойынша алынады.

«Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Биколорлы айналыстағы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді»,- деп хабарлайды Ұлттық банк.

Биколорлы айналыстағы монеталардың сипаты: Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.

Монеталардың сырт жағында орталық бөлігінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері. Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін «TEŃGE» деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін «QUB» аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) көрсетілген.

Техникалық сипаттамалары:

Металл құрамы: нейзильбер/нибрасс
Массасы: 7,5 грамм
Диаметрі: сыртқы сақинасы – 26 мм, ішкі дискі – 18,3 мм
Қалыңдығы – 1,90 мм
Қыры: 16 ойықтар.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031