Қазақстан 2011 жылы рекордты көлемде астық жинауды көздеп отыр (толықтыру)
Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан 2011 жылы рекордты көлемде астық жинауды көздеп отыр, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман.
«Биылғы жылы астық жақсы пісті. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы рекордты астық болатын шығар, біздің экспорттық әлеуетіміз 10 млн тоннадан асып түседі», - деді Е. Аман бейсенбі күні неміс жағымен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз барысында.
«Біз (сыртқы - ҚазТАГ) нарықтарға 10 млн тоннадан кем түспейтін көлеммен шығуға тырысамыз», - деді ол.
Германия жағынан келіссөздерді федералдық азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Петер Блезер басқарды.
Е.Аман Қазақстан 2011 жылғы бидайдың экспортын субсидиялайтынын атап көрсетті.
«Біз экспорттаушыларымызға қолдау көрсетіп отырмыз. Бұл біздің бәсекелестердің наразылығын тудырып отыр. Бірақ оларды (экспорттаушыларды - ҚазТАГ) мүмкіндігінше қолдайтын боламыз», - деді АШМ жауапты хатшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан теңізден алыс орналасқан ел болғандықтан, бидайды шығаруда белгілі бір қиындықтар бар екенін еске салды.
«Шекарамызға жақын нарықтар біздің экспортымыздың көлемін өңдей алмайды, биыл бізге (алыс нарықтарға - ҚазТАГ) шығу керек», - деді ол.
Мұның алдында ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстан 2010-2011 маркетингтік жылындағы экспорттық әлеуетін 10 млн тонна деңгейінде бағалап отырғанын айтқан. Оның айтуынша, биыл «көпжылдық орташа мөлшерден жоғары деңгейде - 18,9 млн тонна көлемінде болжанып отыр, соның ішінде бидай 14,5 млн тоннаға жуық».
Еске сала кетейік, 2010 жылы Қазақстан 2009 жылмен салыстырғанда бидай экспортын 34,5%-ға арттырды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, «бидай эквивалентіндегі ұнды ескере отырып, 8,2 млн тонна бидай» экспортқа шығарылды.