Қазақстандық десантшылар «Орталық-2011» жаттығуларына қатысу үшін РФ Астрахан облысындағы полигонға келді
Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ - ҚР қарулы күштерінің аэроұтқыр әскерлерінің десантшылары «Орталық-2011» халықаралық стратегиялық жаттығуларына қатысу үшін Астрахан облысындағы ресейлік Ашулук полигонына келді, деп хабарлайды бейсенбі күні Қазақстанның қорғаныс министрлігі.
«РФ Астрахан облысындағы Ашулук полигонына «Орталық-2011» бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуына қатысу үшін Ан-26 ұшақтарымен Қазақстан ҚК аэроұтқыр әскерлерінің өкілдері жеткізілді. Қазақстандық десантшылар тобын аэроұтқыр әскерлер қолбасшысының әуе-десанттық дайындық жөніндегі орынбасары полковник Виктор Житник басқарады», - делінген қорғаныс ведомствосының ақпаратында.
Министрліктің нақтылауынша, әскери-көлік ұшақтары ресейлік полигонға ҚР ҚК десант-шабуылдау ротасының тұрақты орналасу орны - Талдықорғаннан келді.
«Қазақстандық десантшылардың бұл кезеңдегі міндеті - шепті басып алып, ұстап тұру. Бұл операцияны қазақстандық сарбаздар жаттығуларға қатысушы басқа елдердің бөлімшелерімен бірлесіп орындайды. Ашулукта қазақстандық ӘӘК авиациясынан Ми-17 тікұшақтары мен Су-27 майдандық авиация ұшақтары болады», - деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Бұдан басқа, Ресейдегі оқу-жаттығуларға ҚР ҚМ штабтар бастықтары комитетінің және әскери қорғаныс күштерінің әскери авиация басшылығының өкілдері жіберілді, делінген ақпаратта.
«Орталық-2011» жаттығуларының Ресей Федерациясындағы кезеңіне Қазақстанның әскери басқару органдарының 100 офицері мен аэроұтқыр әскерлерінің өкілдері қатысады.
Бұрын хабарланғандай, «Орталық-2011» жаттығуларының кезеңдері 4 елдің аумағында: Ашулук (Ресей), Оймаша (Қазақстан), Подгорное (Қырғызстан) және Ляур (Тәжікстан) полигондарында өтеді.
Қырғызстан мен Тәжікстанда стратегиялық жаттығуларға ҰҚШҰ ЖӘҰК құрамының және Орталық Азия аймағының жедел әрекет етуші ұжымдық күштерінің бөлімшелері қатысады.
Маневрлар РФ ҚК Екатеринбургтегі орталық әскери округының штабынан басқарылады.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның қарулы күштері жаттығулардың барлық аудандарына тартылады.