Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1845 0 пікір 15 Қыркүйек, 2011 сағат 07:30

Сенатор Қасымов қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды (түзетіліп, толықтырылған)

Астана. 15 қырқүйек. ҚазТАГ - Қазақстан парламенті сенатының депутаты Ғани Қасымов тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне 2 қазанды мемлекеттік мереке қылуды ұсынды.

«Қазақстанның мақтанышы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы Тоқтар Әубәкіров арамыздан бірінші болып ғарышқа ұшты, осы күннен Қазақстанның ғарыш саласының дамуы басталды деуге болады. Тұңғыш қазақстандық ғарышкердің ғарышқа ұшқанына 20 жыл толуы құрметіне бұл күнді Қазақстанның мемлекеттік мерекесі ретінде бекітуді сұраймын», - деді Ғ.Қасымов бейсенбі күні палатаның пленарлық отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына депутаттық сауалын жолдай отырып.

«Мұндай мерекенің бекітілуі өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер етіп, Қазақстанның ғарыш саласы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», - дейді сенатор.

65 жасар Т. Әубәкіров Ленин орденімен, жаңа авиациялық техниканы сынау кезінде көрсеткен ерлік және батырлық үшін медальдарымен марапатталған, Халык каһарманы атағы беріліп, КСРО-ның еңбек сіңірген сынаушы-ұшқыш, КСРО-ның ғарышкер-ұшқышы және ҚР еңбегі сіңген спорт шебері.

8 сыныпты бітірген соң Теміртау құйма-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеп, кешкі мектепте оқыған, 1969 жылы Армавирдегі ӘҚҚ ұшқыштарының жоғарғы әскери авиациялық училищесін бітірді. Кейін КСРО әскери-әуе күштерінде қызмет етті, 1976 жылы сынаушы-ұшқыштар мектебін бітіріп, сынау жұмысына ауысты.

Ғарышқа алғашқы сапарын 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» кемесімен Александр Волковпен және аустриялық ғарышкер Франц Фибекпен жүзеге асырып, «Мир» орбитальды кешенінің бортында бір апта жұмыс істеді.

Ғарышта болған уақыты - 7 күн 22 сағат 13 минут.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543