Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2770 2 пікір 30 Қаңтар, 2020 сағат 10:37

Еуропарламент Брекзит туралы келісімді бекітті

Еуропарламент басым дауыспен Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу жөніндегі келісімін мақұлдады. Құжатты қолдап 621 депутат дауыс берді, 49-ы қарсы, 13-і қалыс қалды. Енді соңғы келісімді 30 қаңтарда Еуропалық одақ кеңесі бекітуі тиіс.

Дауыс бергеннен кейін депутаттар орындарынан тұрып, Шотландияның дәстүрлі Auld Lang Syne әнін орындады. Бұл ән әдетте қоштасар сәтте жиі айтылады. Парламенттің кейбір мүшелері өздерінің эмоцияларын жасыра алмады.

Ұлыбритания Еуропалық одақтан 31 қаңтар күні, 24.00-де шығады.

Лондон Еуропалық одақтан Брекзит жөнінде референдум өткеннен үш жарым жылдан соң кетіп жатыр.

Ұлыбритания ЕО-дан толық шыққаннан кейін биылғы жылдың соңына дейін өтпелі кезеңді өткізеді. Оған дейін Брюссельмен жаңа келісімге келуі тиіс.

Ұлыбритания Еуроодаққа 1973 жылы қосылды әрі бұл одақтан кетіп жатқан бірінші мемлекет болды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031