Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3174 0 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 12:24

Дональд Трамп импичменттің екі бабы бойынша да ақталды

АҚШ Сенаты Дональд Трампты президент қызметінен кетіруге қарсы дауыс берді. Ол "Билікті асыра пайдаланды" және "Конгресс жұмысына кедергі келтірді" деген баптар бойынша толық ақталды. Президенттен барлық айып алынып тасталды.

Бірінші бар бойынша 48 сенатор "кінәлі" және 52 сенатор "кінәсіз" деп дауыс берді. Екінші бап бойынша 47 сенатор "айыпты" деп санаса, 53-і таза деп есептеген. Сенаторлардың дені Трамп сайланған Республикашылдар партиясының мүшесі.

Дауыс бергендердің ішінде тек бір ғана республикашыл, 2012 жылы президенттіктен үміткер болған Митт Ромни қарсы дауыс берді. Бірде бір демократ Трампты қолдап дауыс бермеді.

Президентке импичмент жариялау туралы іс америкалық арнайы қызметтің өкілі 2019 жылдың ортасында басшылығына Трамптың қызметін асыра пайдаланғанын мәлімдегеннен кейін басталды. Сол кезде демократтар Трамп командасы арқылы жеке саяси мүддесі үшін Украина билігіне қысым көрсетті деп мәлімдеді.

Республикашылдар болса президентті қолдап, импичмент процесін фарс деп есептейтінін жеткізген. Көбі 2016 жылы Украина үкіметі Трампқа қарсы жұмыс істеді деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050