Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3740 1 пікір 7 Ақпан, 2020 сағат 13:20

"Алматыдағы "барахолкада" сауда тоқтап жатыр" деп дүрліктіру кімге тиімді?

Әлемуметтік желіде "Алматыдағы "барахолкада" тауар таусылып, сауда тоқтап жатыр" деген тақырып қызу талқыланды.

Мен мұның алдында: "Біздің экономика Қытай экономикасына байланған. Оны мойындау керек. Біздегі ұсақ-түйек заттарға дейін сол жақтан келеді. Көмір-сутек шикізаты сонда бағытталған. Бірнеше облыстағы зауыттарға Қытай инвестиция салып отыр. Ондағы қытайлық жұмысшылар Жаңа жылын мерекелеу үшін еліне кеткен-ді. Осыны ескеретін болсақ, шекара жабылған жағдайда импорттық тауарларға сұраныс артады. Мұның арты қымбатшылыққа ұрындырмай ма? Отандық экономикаға қалай әсер етеді?" деген едім.

Қазір "99,9 пайыз Қытай тауары 0,01 пайыз өзіміздікі", "Қытайсыз өмір сүре алмаймыз ба?", "Қытайдың ықпалы" және т.б тақырыпта әлеуметтік желінің белсенділері ой жарыстырып, пікірлерін ортаға салады. Дұрыс-ақ...

Шындығы, біз өндіруші ел емеспіз. Қажетті тауардың басым көпшілігі сырттан келеді. Оны жоққа шығара да алмаймыз. Тіпті мұнайдың үстінде отырсақ та жанар-жағармайдың бағасын өзіміз реттей алмаймыз. Мал көп. Төрт түліктің ең берекелі кезеңіндегі санынан артты. Бірақ нарықта еттің бағасы шарықтап барады. Миллиондаған тонна бидайды экспорттаймыз, алайда ұн мен нанның бағасы жылда қымбаттайды. Мұны қалай түсінуге болады? Бұған кім жауап береді? Қалай түсіндіреді?..

Түрлі елдің тәжірибесін мысалға алып, сөз саптауға болады. Мәселен, Израильді алайық. Әрине Иерусалимге барып, еврейлердің тыныс-тіршілігіне қанық болмасам да, көз көргендердің дерегіне сүйенуге әбден болады.

Қаламгер, журналист Қайнар Олжай көрген, білгенін былай суреттейді:
"Еуропаға керегі химия қолданылмай өсірген жеміс-жидек екен, бұл орайда сұраныстың көп бөлігі Израильге түседі. Онда цитрус алқаптары 20 мың гектар жерді алып жатыр. Соның 14,7 мың гектары жеміс беріп тұр. Әрбір түп ағаштан 150-200 келі, сонда әр гектардан 50 тонна жеміс жиналады. 600 мың тонна цитрус алынса, ...180 мың тоннасын Еуропаға аттандырады. Германияға, Данияға, Голландияға, Францияға, Бельгияға және т.б елдерге жеміс тиеліп жатқан ұзын-ұзын жүк көліктерін көзіміз көрді".
Оған қоса онда жеміс-жидек, бау-бақша, гүл өсіру, құс өсіру жақсы дамыған.
Қазіргі уақытта Израильде заманауи ғылыми-зерттеу және жоғары технологиялық өндірістік базасы қалыптасқан. Әлемді ауылшаруашылық саласындағы озық тәжірибесімен қызықтырып отыр...

Бәрі қалай басталды?
ХХ ғасырдың 20 жылдары еврейлер жаппай атақонысқа табан тірей бастады. Таяу Шығыстағы құмды, тасты жерлерді бәдеуи арабтарынан 49 жылға жалға алады. Ақыр аяғы...

1947 жылы 29 қараша БҰҰ Бас Ассамблеясының Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша 14 мың шаршы шақырым жерге иелік етті.
1948-1949 жылы араб-израиль соғысы, 1967 жылы Мысырмен болған соғыс және т.б жағдайды пайдаланған еврейлер жерін кеңейтті.

Бүгінде шөлейтті даланы орманды алқаптарға айналдырды. Су тапшылығын тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы шешіп, өнімділікті арттырды. Иә шөлді даланы тиімді игерудің салдарынан ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елге айналды...

Бізде сылтау көп. Бізге Израиль болу қайда?! Ең дұрысы, ең оңайы сырттан тасу. Онымен көсегеміз көгере ме?

Қытайдан келетін тауарға байланысты соны айтуға болады. Әй, қайдам, қазір біздің ғана емес, Пекин жаһан жұртының тыныс-тіршілігіне әсер етіп отыр...

P.S. Алматыдағы тауар тапшылығы өзіміздің алып-сатарлардың тірлігіне ұқсайды. Қазір Қытаймен шекара ашық. Сенімді ақпарат көздеріне сенсек, тек Қытайдың Huawei провинциясының 14 ірілі-ұсақты қалалары жабылған. Басқа провинцияларынан тауар айналымы қалыпты жүруде. Сонда "Алматыдағы "барахолкада" тауар таусылып, сауда тоқтап жатыр" деп елді дүрліктіру кімге керек, кімге тиімді? Мұның артында үлкен мүдделер тұрғаны да анық... Анық-қанығын жауаптылар анықтар.

Біздікі ақты – ақ, қараны – қара екенін айту. Ары қарай өздеріңіз пайымдарсыздар...

Нұрлат Байгенженің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379