Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1920 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 04:59

Дүбәралар мемлекетін құрып жатырмыз

Қазақ тіліне қатысты туып отырған даудың себебіне үңілсең еріксіз  бас шайқайсың. Өйткені бұның барлығы өзіміздегі биліктің саяси солқылдақтығынан туып отырған жасанды жәйттар. Мәселен, Теміртаудағы мектепке байланысты өрбіген оқиғаны алайық. Қаладағы 32 мектептің 4-і ғана таза қазақ тілінде білім беретін болып шықты. Бұны біздің шенді-шекпенділердің білім саясатындағы жіберіп отырған үлкен қателігі, тіпті саяси соқырлығы деу керек. Себебі олар қазақ тілін өркендету үшін жасалып жатқан шаралардың барлығын жоққа шығарып, қазына қаржысына мектептерде Ресейдің болашақ азаматтарын оқытып әлектенуде. Осылай демеске амал кем. Егер олар қазақтың қамын ойласа, орыс тіліндегі мектептерді қаржыландырудың не қажеті бар? Әлде болашақ ұрпақтың бірыңғай орысша білім алып шыққанына мемлекет мүдделі ме? Мемлекетіміздің ішкі саясаты, өзіміздің ұлттық мүдде қайда қалады сонда? Бұдан қорытынды шығарсақ, Қазақстанның болашағына қазақ тілі керек емес. Орыс тілі өзге мемлекеттің тілі. Мемлекеттің  оқушыларды осы   тілде оқытып, текке шығынданып жатқанына қарағанда қазақ тілінің болашағына қатысты айтылатын сөздердің бәрі   көпірме көбік екеніне көзің жетеді. Әйтпесе бәрі керісінше болып 32 мектептің төртеуі ғана орысша, қалғаны тек қазақша оқытуы тиіс еді.

Әйтеуір тілге қатысты саясаттың дүбәра тұстары өте көп.   Жоғарғы оқу орындары жөнінде де осылай деуге болады. Университеттердегі оқу әдісі де әлі қазақ  және орыс топтарын  екіге бөліп оқытқан Кеңес кезінен келе жатқан ескі жүйемен жұмыс істейді. Егер үкіметтің қазақ тіліне қатысты айтқан уәделері шын болса, қазірден бастап болашақ кадрларды неге тек қазақ тілінде тәрбиелеуді қолға алмасқа? Оларды орыс тілінде оқытып шығарудың және оған мемлекеттің есебінен көп ақша бөліп  шығынданудың мақсаты мен мәнісін түсіне алмадық...Еуропа елдерінің  логикасына салсаң, олар мұндайды мемлекеттің қаржысын текке шашу, ақылға сыймайтын абсурд деп бағалар еді. Өкінішке қарай, бізде осындай ақылға сыймайтын, тіпті мемлекеттің тұтастығына қауіпті ысырапшылдықты қалыпты нәрсе деп қабылдайтын санасыздық қалыптасқан.  Білім саласындағы бассыздық осылай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай өз тілін білмейтін, ұлтының уызына жарымаған шала қазақтардың   тағы бір толқыны шығатынына күмәніңіз болмасын. Өйткені отарсыздану процесін қазірден бастап қолға алмасақ кейін оның зардабын тағы тартатынымызға шүбә жоқ.

Мемлекеттік тіл ең алдымен қалада қалыптасады. Өйткені ол заман ағымына қарай бейімделіп, технология мен ғылым жаңалықтарына ілесе отырып дамуы тиіс. Әйтпесе көштен қалып қояды. Ал техника тіліне айнала алмаған тіл-бұқараның қатынас құралы болудан қалады. Біз қазір осы үдеден шыға алмай отырмыз. Қолымызда барлық мүмкіндік бола тұра тілдің дамуына қасақана кедергі жасаудамыз. Ал,  темлекеттің төл тілінде түсінісе алмайтын ел- Ұлт болып ұйысу мүмкіндігінен айырылады. Біздің діттегеніміз осы ма сонда? Еліміздегі осындай болашағы бұлыңғыр бастамаларды ойша қорытып қарасаң, біз келешекте қазақ мемлекетін емес, дүбәралар мемлекетін құруға жанталасып  жатқандай көрінеміз. Шетелден келетіндердің Қазақстаннан Ресейдің әлдебір губерниясына келіп-кеткендей әсермен қайтатыны да осыдан..Ең өкініштісі осындай түсініксіз түйткілдерге ел тұтқасын ұстағандардың өзі түрткі  болуда. Себебі бұндай былықтарды реттеп отыратын нақты ұлттық идеология мен бағдар жоқ. Оны қалыптастыруға талпыныс тағы  байқалмайды. Бұл істің алға жылжуына Қазақстандағы саясаттың негізгі тізгінін орыстілділердің ұстап отырғаны да кедергі келтіруде. Ал олар жуық арада қазақ тілін тиісті тұғырына қондырып, оны мемлекеттік идеологияның өзегіне айналдыруға құлықсыз.

«Абай-ақпарат»

Жолымбет Мәкішев.. makishev_777@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478