Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2038 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 05:12

Елімізде ислами телеарна неге жоқ?

 

Қазіргі жаһандану заманында телеарналардың ықпалы зор. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарағанда, адамдар ақпараттың 60 пайыздан астамын теледидардан алады екен. Демек, әр мемлекет теледидар арқылы-ақ өз саясатын жүргізе алады деген сөз. Қазіргі кезде ең қауіптісі - ақпараттық соғыс. Осы соғыста кім жеңіске жетсе, соның мерейі үстем.

Ата заңымыз бойынша, Қазақстан - демократиялық зайырлы мемлекет. Ал демократия дегеніміз - азшылықтың көпшілік пікіріне құлақ асуы деген сөз. Егер осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, республика халқының 70 пайызын құрайтын мұсылмандарға арналған бағдарлама немесе хабар емес, тым құрығанда бір ислами телеарна болуы керек емес пе? Алайда жағдай керісінше...

 

Қазіргі жаһандану заманында телеарналардың ықпалы зор. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарағанда, адамдар ақпараттың 60 пайыздан астамын теледидардан алады екен. Демек, әр мемлекет теледидар арқылы-ақ өз саясатын жүргізе алады деген сөз. Қазіргі кезде ең қауіптісі - ақпараттық соғыс. Осы соғыста кім жеңіске жетсе, соның мерейі үстем.

Ата заңымыз бойынша, Қазақстан - демократиялық зайырлы мемлекет. Ал демократия дегеніміз - азшылықтың көпшілік пікіріне құлақ асуы деген сөз. Егер осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, республика халқының 70 пайызын құрайтын мұсылмандарға арналған бағдарлама немесе хабар емес, тым құрығанда бір ислами телеарна болуы керек емес пе? Алайда жағдай керісінше...

Тіпті біздің жағдайымыз Ресейдің қол астындағы татар бауырларымыздан да кейін. Олардың «ТНВ-Татарстан» телеарнасында айына екі рет «Насыйхэт» атты ислами бағдарламаның пайда болғанына бес жылдан асты. Жақында алғашқы мерейтойын атап өткен редакция ұжымы бұдан былай көгілдір экранға аптасына бір рет шығуды жоспарлап отырғандарын айтты. Осы уақытқа дейін түрлі ислами тақырыптағы 120 бағдарламаны өз ана тілдерінде дайындап, көрерменнің назарына ұсынған. Сондай-ақ «Ресей-Татарстан» телеарнасында «Рухани мұра» атты асыл дінімізді уағыздайтын хабарлары тағы бар. Ал Ресей Президенті Дмитрий Медведев Қазанға жасаған ресми сапарында Ислам университетін аралап, республика мұсылмандарымен кездесуінде православиені уағыздайтын «Слова пастыря» атты күн сайын шығатын бағдарламаға ұқсас ислами хабар ашуға көмектесетіні жайында уәде берді. «Алла қаласа, бұл арманымызға да қол жеткізетін шығармыз», - дейді татар бауырларымыз.

Медведевтің мұсылмандарға деген оң көзқарасы шешендерді де рухтандыра түскендей. Президенттің Қазан қаласындағы айтқан сөздері дем берді ме қайдам, олар да ел аумағына хабары тарайтын Ислам телеарнасын ашу керек деген шешімге келіпті. Республиканың Бас мүфтиі Сұлтан Мырзаев осыдан соң шұғыл түрде дінтанушы және теолог ғалымдардың басын қосып, бұл мәселені талқылап, өз ұсыныстарын Президент Рамзан Қадыровқа жеткізген. Өз кезегінде ол да аянып қалмасын білдірген. Сонымен, кішкентай ғана Шешенстанда жақын арада Ислам телеарнасы ашылып жатса, таңғала қоймайтын шығармыз.

Техниканың қарыштап дамуына байланысты спутниктік және кабельдік желідегі телеарналар заманы жүріп тұр. Қазір әлемдегі барлық діндер мен секталар өз ұстанымын уағыздау үшін аянып қалмауда. Әрине, исламды уағыздайтын арналар да баршылық. Бірақ олардың дені араб, ағылшын және урду тілдерінде хабар таратады. Демек, халқымыздың басым бөлігі спутниктік желіге қосылғанымен, оны түсінбейді деген сөз. Есесіне орыс тілінде христиан дінін уағыздайтын телеарналар жетіп-артылады. Солардың бірі - CNL христиан телеарнасы. Әлемдегі 300 миллион орыстілділердің басым бөлігі осы телеарнаны көретіндігін әлеуметтанушылар анықтап отыр. «Олардың ішінде діннің не екенін түсінбейтіндер де бар. Тіпті бұрынғы Кеңес Одағының аумағы тұрғындарының арасында атеистер де аз емес. Бірақ біз орыс тілін пайдаланып, Исаның кім екенін оларға ұқтырып, жүрегін ашамыз»,- дейді телеарна басшылары. Міне, тілдің құдіреттілігі осында!

Дерек

Ресейде тек православиені уағыздайтын орыс тілінде хабар жүргізетін орталық телеарналардан басқа жергілікті арналар да қалыптасып үлгерген. Мысалы, Екатеринбург епархиясына қарасты «Союз», Ярославль облысының аумағына тарайтын «Ярославль», Санкт-Петербургтегі «Бесінші арна» атты діни телеарналар сөзімізге дәлел. Қарап отырсақ, Ресей де біз сияқты зайырлы мемлекет. Алайда орыс ұлтының мүддесі үшін халықаралық қағидаларды белден басып, православиені мемлекеттік деңгейге көтеріп отыр. Ал біз болсақ, ислами бағдарламаның өзіне зәруміз.

Түйін
Өткен жылы Рамазан айында «Қазақстан» ұлттық арнасында «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасын жүргізген алты Алашқа танымал айтыс ақыны Мұхамеджан Тазабеков бір сөзінде: «Халқымыздың 70 пайызы мұсылмандар бола тұра, бірде-бір ислами телеарнамыздың болмауы - елдігімізге сын емес пе?» - деп еліміздiң болашағына алаңдаушылық білдіре келе, жақын арада ана тілімізде хабар тарататын «Асыл арна» атты ислами телеарнаның ашылатынын айтып қуантқан-ды. Ислами телеарналар мен бағдарламалардың ашылуы заңымызға да қайшы емес. Демек, бар гәп өзімізде. Тек ниет болса болғаны...

 

 

Кеулімжай ҚҰТТИЕВ

"Алаш айнасы" газеті 22 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485