Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3449 0 пікір 23 Қыркүйек, 2011 сағат 11:07

Акция: «Қазақша сөйлесейік!»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

21.09.2011

Акция «Қазақша сөйлесейік!»

Бүгін Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты жыл сайын бірлесіп өткізетін «Қазақша сөйлесейік!» акциясының басталуы туралы жариялады

Бұл шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оның қоғамдағы беделін арттыруға, халықтың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын тудыруға және азаматтарымыздың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Акцияны ұйымдастырушылар күнделікті өмірде жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу үлгілері, қазақ және орыс тілдерінде қажетті сөздер мен сөз тіркестері берілген «Дүкен - Магазин», «Дәріхана - Аптека», «Поезда - В поезде», «Ұшақта - В самолете», «Астана - Столовая», «Қоғамдық көлік - Общественный транспорт», «Кинотеатр - Кинотеатр» тақырыптарына арналған буклеттер мен плакаттар әзірлеген.

Акция аясында қоғамдық көліктерде, ұшақтар мен жолаушылар тасымалдайтын поездардың ішіне және темір жол вокзалдары мен әуежайларда мемлекеттік тілді өз бетінше үйренуге арналған арнайы плакаттар ілініп, жолаушылар арасында орысша-қазақша шағын тілдескіштері бар буклеттер таратылатын болады. Іс-шара еліміздің барлық аймақтарын қамтиды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша былтыр өткен «Қазақша сөйлесейік!» акциясы тауар этикеткаларындағы қазақ тіліндегі ақпараттың қателерін тауып, әшкерелеу арқылы олардың дұрыс жазылуына ықпал етуге, қазақ тілінің стилистикасы мен тіл мәдениетінің сақталуын қамтамасыз етуге, халық тұтынатын тауар өндірушілерді мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыруға, қоғамды тіл тазалығы жолындағы жұмысқа тартуға арналған болатын.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады. : 8/7172/ 74-29-92, 32-72-25

«Мемлекеттік тілді дамыту»

Президенттік қорының

баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435