Атырау облысында 20 мыңнан аса адам үй кезегінде тұр
Атырау. 23 қырқүйек. ҚазТАГ - Атырау облысында 20 мыңнан аса адам үй кезегінде тұр, деп хабарлады облыс әкімі Бергей Рысқалиев.
Аймақ басшысының мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың 8 айында 228,2 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін 1 250 пәтер пайдалануға беріледі, ал 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында тағы 1 800 пәтер тапсырылады.
«Бірақ тапсырылған үйлермен қатар, үйге кезек те өсіп келеді. Бұрын кезекте 3,5 мың адам тұрса, қазір 20 мыңнан асады», - деді Б. Рысқалиев жұма күні облыстық мәслихаттың сессиясында.
Оның мәліметтеріне сәйкес, соңғы үш жылда 15 мың отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанды, олардың арасында 20 жыл бойы кезекте тұрған мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік әлсіз топтардың өкілдері бар.
Сондай-ақ, аймақ басшысы кезекте тұрғандардың бәрі бірдей баспанаға аса мұқтаж емес.
«Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген пәтерлердің 50%-ға жуығы бос тұр немесе жалға беріліп жатыр», - деді ол.

«Демек оларды алған адамдардың тұратын жері бар. Бәрінің сөзіне сене беруге болмайды. Кезекте тұрғандарды қайтадан тексеру керек. Облыс әкімі де, қала әкімі де мемлекеттік тегін баспананы немесе жер телімдерін үлестірумен айналыспауға тиіс. Мұнымен бақылаушы органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия айналысуға тиіс», - деп қорытындылады аймақ басшысы.