Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2325 0 пікір 23 Қыркүйек, 2011 сағат 13:54

Қырғызстандық журналист Павлюкты өлтіру ісі бойынша үкім қырқүйек айының соңында-қазан айының басында шығарылуы мүмкін – адвокат

Алматы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ- Давид Ян. Алматыда белгілі қырғызстандық журналист Геннадий Павлюкты өлтіруге қатысты сотталушарға үкім қырқүйек айының соңында - қазан айының басында шығарылуы мүмкін, деп хабарлады агенттікке ауыпталушылардың бірінің адвокаты Айгүл Ербөлекова жұма күні.

«Қырқүйек айының аяғы-қазан айының басы деп отырмыз. Мұндай іс бойынша ең көп дегенде бір аптадан кейін шығарады деп ойлаймын», - деді адвокат.

А.Ербөлекованың айтуынша, ол судьяның қай уақытта кеңесі бөлмесіне кететінін білмейтіндіктен, үкім шығарылатын нақты мерзімді атай алмайды.

Сонымен қатар, ол «іс бойынша сот тергеуі өткен сейсенбі күні аяқталғанын» хабарлады. «Бізде дүйсенбі сағат 10-ға жарыссөз жоспарланған. Мемлекеттік айыптаушы, қорғаушылар және сотталушылар сөйлейді».

Қорғаушының айтуынша, сот амалы барысында материалдар мен заттай айғақтар зерттелген.

«Тараптарға істі түрлі материалдармен: құжаттармен, мінездемелермен және т.б. толықтыру ұсынылды. Бұл әдеттегі стандарт процедура. Осыдан кейін судья сот тергеуі аяқталғанын, сот жарыссөзіне дайындалуға уақыт беретінін айтты», - деп нақтылады А. Ербөлекова.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда қырғыз журналисі Геннадий Павлюкты өлтіруге қатысты сот амалы жүріп жатыр. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Ахметқали Молдағалиевтің төрағалығымен қаралуда. Бұл іс бойынша Қырғызстанның МҰҚК қызметкері Алдияр Исманқұлов, Қазақстанның екі азаматы Алмаз Игіліков пен Шалқар Оразалин айыпталып отыр. Олардың бәрі өздерінің кінәсіз екенін, кісі өлтіргендер бостандықта жүргендерін айтты.

Еске салсақ, 2009-шы жылы 16-шы желтоқсанда Алматыда танымал қырғызстандық журналит Генадий Павлюктің денесі табылды.ҚР ІІМ тергеу мәліметтерінше, журналист Фурманов көшесіндегі тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ессіз күйде ауруханаға жеткізілген ол 2009-шы жылдың 22-ші желтоқсанында есіне келмей, қайтыс болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында Г. Павлюк Алматыға келіп, қонақ үйге тоқтағаны анықталды. Бірақ белгісіз біреулер оны басқа жерге кездесуге шақырған. Журналистің әріптестері оны жалға алған пәтерінің терезесінен лақтырып жіберуі де мүмкін дейді.

Бір аптадан соң Қазақстанның ІІМ осы қылмысқа қатысты азаматтарды анықтап, 2010-шы жылдың 6-шы қазанында Алматының күдіктілердің бір мейрамханасынан ұсталғанын жариялады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407