ҚР АШМ кәсіптің беделін көтеру үшін шопандардың кемпингтерін жабдықтауды ұсынды
Астана. 23 қырқүйек. ҚазТАГ - ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) мамандықтың беделін көтеру үшін шопандардың кемпингтерін жабдықтауды ұсынады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Шопан кәсібінің беделін көтеру бойынша жайылымдарды суландырып, шопандар мен олардың отбасылары үшін жағдай жасалып, тұрмысы жайластырылсын (кемпингтерді, дәстүрлі киіз үйлерді және т.б. пайдалану)», - делінген АШМ -ның жұма күні етті қой шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған кеңестің қорытындысы бойынша хабарламасында.
Онда шопан мамандығы бұрынғы танымалдылығынан айырылғаны, мамандлардың аз қалғаны, «республиканың қой өсіруші-ғалымдары өз тәжірибелері мен білімдерін кімге үйрететінін білмейтіні» айтылған.
«...Бағдарлама аясында мамандықтың беделін көтеру, салаға жастарды тарту, мал шаруашылығы үшін жағдайларды жақсарту мүмкіндіктері қарастырылсын», - деді АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков.
«Қазагромаркетинг» АҚ («ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымы) етті қой шаруашылығын дамыту бағдарламасы жобасының тұжырымдамасын жасады, делінген ақпаратта.

«Талдау мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы Қазақстанда 143 мың қой еті өндірілді, оның негізгі үлесі жеке шаруашылықтарға тиесілі (79%). Жалпы өндірілетін еттің көлемі ішкі қажеттілікті толығымен жабады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Тұжырымдамаға сәйкес, мамандандырылған фермерлік шаруашылықтарды және етті өңдеу мен вакуумдық қаптау зауыттарын ашу ұсынылып отыр.
АШМ мәліметтеріне сәйкес, республикада 18 млн бас қой бар, оның 68% жеке шаруашылықтарда шоғырланған. 2007-2011 жылдары асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуға Т3,5 млрдбөлінген.