Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
46 - сөз 8461 6 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 11:18

«Сендерде көп ұлт, этнос емес, қазақ халқы ғана бар» деді

UCL университетінде тілдік курстан өтіп жүргенде Майлс Муней деген мұғалім болды. Қария кісі еді. Лондондағы көп Болашақ түлегі жақтырмайтын. Бірақ мен біраз нәрсе үйрендім ол кісіден. Тілді ғана емес, танымдық тұрғыдан да.

Бірде сабақта әркім өз елі туралы айтып берді. Кезек қазақтарға келді. Мақтанып жатырмыз. Астананы айттық, Медеу, Шымбұлақ, Бурабай да әлемдегі ең керемет жер атанды. Көпұлтты екенімізге, 130 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға мақтандық.

Осы сәтте Майлс "Көпұлттымыз дейсіңдер. Санаңдаршы, ал" деді. Содан бастадық. Жабылып жүріп 30-ға әрең жеттік. Қалғанын білмейді екенбіз. Сонда Майлс мырзаның айтқаны мынау болды:

"Лондонда сендер санап бергеннен де көп ұлттың өкілі бар. Тіпті, сендерде жоқ этностар да осында мекендейді. Біз бірақ көпұлттымыз деп айтпаймыз. Өйткені этностың санаулы өкілі халықтың тұтас бір бөлігі саналады. Сендерде көп ұлт, этнос емес, қазақ халқы ғана бар" деді.

Майлс мырзаның осы сөзін ешқашан ұмытпайтын шығармын.

Абай Отардың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1000
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 933