Қазақстан Ресейге 20 млн. тоннаға жуық көмір сатқан...
Қазақстан 2019 жылы 23,1 миллион тонна көмір экспорттады. Одан түскен қаржы 449,6 миллион долларды құрайды.
LS мәліметінше, Қазақстан көмірінің басым көпшілігі Ресейге сатылады. Мәселен, өткен жылы Ресейге 223,1 млн. долларға 19,7 млн.тонна көмір экспортталған.
Одан бөлек, Украина - 790,2 мың тонна көмірді 121,1 миллион долларға, Швейцария - 773,3 мың тонна көмірді 48,3 млн. долларға сатып алған.
Қазақстан кімдерге көмір сатты және ол қаншаға бағаланды?
Ресейге - 19,7 млн.тонна көмір - 223,1 млн. долларға,
Украинаға - 790,2 мың тонна көмір - 121,1 млн. долларға,
Швейцарияға - 773,3 мың тонна көмір - 48,3 млн. долларға,
Қырғызстанға - 744 мың тонна көмір - 18,2 млн. долларға,
Кипрге - 446,9 мың тонна көмір - 17,8 млн. долларға,
Белорусияға - 356,3 мың тонна көмір - 11,3 млн. долларға,
Өзбекстанға - 122,2 мың тонна көмір - 2,9 млн. долларға,
Қытайға - 39,3 мың тонна көмір - 4,8 млн. долларға,
Польшаға - 22,1 мың тонна көмір - 524,6 мың долларға,
Латвияға - 11,6 мың тонна көмір - 195,6 мың долларға,
Түркияға - 11,3 мың тонна көмір - 1,1 млн. долларға экспортталған.
Abai.kz