Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
2653 1 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 14:09

Үкімет басшысы Михаил Мясниковичті қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы ақпан айынан бастап өз міндеттерін атқаруға кіріскен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. 

-Өзіңіз білетіндей, еуразиялық интеграция идеясын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың одан әрі дамуына баса көңіл бөледі,- деді А. Мамин.

ЕАЭО жұмыс істей бастаған кезеңнен бері Қазақстанның серіктес елдермен өзара саудасы 23,3%-ға – $16,3 млрд-тан $20,1 млрд-қа дейін өсті. ЕАЭО елдерінен келген инвестициялар ағымы $5,5 млрд асты, бірлескен кәсіпорындар саны шамамен 12 мыңға дейін, 2 есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы ЕАЭО ішкі нарығының жұмысы аясында тым көп тосқауылдардың — 66 кедергінің бар екенін атап өтті.

-Кедергілерді жою, классикалық “төрт еркіндікті” (тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші) қамтамасыз ету және өзара сауда көрсеткіштерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Бұл іскерлік орталарға, жалпы, ЕАЭО-ға қатысушы елдердің тұрғындарына интеграциялық жобадан нақты пайданы сезінуге мүмкіндік береді, - деді А. Мамин.

Тараптар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасының әзірлену барысын, ЕАЭО аясында техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіруді, сондай-ақ ЕЭК жұмысының регламентін сақтау мәселелерін талқылады.

Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов және ЕЭК Алқасының төрағасы хатшылығының басшысы В. Зиновский қатысты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2085