Жұма, 29 Наурыз 2024
2733 1 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 16:41

Ахметов Зайсандағы жағдайдан кейін аудан әкімін ауыстырды

Зайсандағы жағдайдан кейін облыс әкімі Даниал Ахметов аудан әкімін ауыстырды. Сөйтіп, Зайсан ауданының жаңа әкімі болып Серік Зайнулдин тағайындалды.

Ал осыған дейін аудан әкімі қызметінде Серік Ақтанов болған еді.

Зайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті.

1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді.

1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры,

1997 жылға дейін - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.

1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары,

2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі,

2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2013 жылдың 28 маусымында Үржар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584