Дүйсенбі, 16 Қараша 2026
Жаңалықтар 51 0 пікір 16 Қараша, 2026 сағат 14:57

Астана, Тблиси және Баку: Орта дәлізді дамытамыз!

Сурет: azertag.az сайтынан алынды.

Грузия, Әзербайжан және Қазақстан Орта дәлізді дамыту жөніндегі бірлескен жоспар әзірледі. Бұл туралы Грузияның экономика министрі Квривишвили мәлімдеді.

«Грузия Орта дәліз аясында серіктес елдермен, әсіресе Қазақстан және Әзербайжанмен өте тығыз ынтымақтастық орнатқан... Бұл жоспар 2029 жылға қарай Орта дәліз арқылы 30 млн тонна жүк тасымалын қамтамасыз етуді көздейді. Біз серіктестерімізбен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасап, бірлескен өңірлік шараларды айқындадық», — деп толықтырды ол.

Abai.kz

0 пікір