Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2024
3492 0 пікір 25 Ақпан, 2020 сағат 10:58

Бішкек Жапония, Оңтүстік Корея және Ираннан оралғандарды карантинге жатқызады

Қырғызстан билігі Жапония, Оңтүстік Корея және Ираннан оралғандарды карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі, әлемде коронавирусқа байланысты жағдайды ескере отырып, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы кеңесіне сай шешім қабылдады. Соған сәйкес, Жапония, Оңтүстік Корея және Ираннан оралғандар 14 күн карантинде болады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұның алдында, 24 ақпанда Vlast.kz сайты Қазақстан билігі Сингапур мен Таиландтан оралғандарды карантинге орналастыратынын, бұған қоса Гонконг, Тайвань және Макао, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және Ираннан келгендерді тексеруді жоспарлағанын хабарлаған. Дегенмен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі әзірге қаулы қабылдаған жоқ.

Қазақстанның бас дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды Оңтүстүстік Кореяға бармауға шақырды. Бұл елде 602 адам коронавирус жұқтырған. Бір күнде науқас саны 168-ге артқан.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда өткен жылдың желтоқсанынан бері 77 мың адам коронавирус жұқтырса, 2500-ден аса адам қаза тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2096