Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
2899 1 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 11:03

Қырғыз бас прокуроры Кой-Таш оқиғасы бойынша айыптау қорытындысын шығарды

Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты қолдайтын бөлігінің ресми өкілі Құндыз Жолдубаева Кой-Таш оқиғасы бойынша күдікті саналып жатқандарға айыптау актілері ресми тапсырылғанын мәлімдеді.

Оның Фейсбуктегі парақшасына жазуына сәйкес, бас прокурор Өткүрбек Жамшитов 491 беттен тұратын айыптау қорытындысын бекіткен.

Жолдубаева айыптаулардың бәрі "біржақты, дәлел жоқ және ауызекі айтылғандарға ғана негізделген" деп жазып, айыпталушылар деп танылғандардың тізімін жариялады.

Олар: Атамбаев Алмазбек, Ниязов Фарид, Жээнбеков Равшан, Карамушкина Ирина, Кодуранова Асел, Жолдубаева Кундуз, Сагымбаев Канат, Мискенбаев Мээрбек, Баабиев Фархат, Осмоналиев Канат, Карыпбек уулу Рыспек, Шаманов Марат, Капарбек уулу Нооруз және Какебаев Асангелди.

2019 жылы 7-8 тамызда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті және ішкі істер министрлігі Шудың Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты қамау операциясын жүргізген. Онда бір офицер қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.

Осы оқиғадан кейін Алмазбек Атамбаев және оның бірнеше жақтастары қамауға алынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839