Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4151 3 пікір 27 Ақпан, 2020 сағат 12:22

Қандастарға арналған жаңа көші-қон бағдарламасы керек

Ресми деректерге назар салсақ, шекараның ар жағында 5 миллионнан астам қазақ әлемнің 44 мемлекетінде өмір сүруде. Олардың өмір сүріп жатқан ортасы қандай, қандастарымыз ата-баба тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап отыр ма? Әлде өзге ұлттарға жұтылып бара ма? Оларды елге шақыруда қазақ билігі қандай тірлік атқаруда?

Әрине жыл сайын белгілі деңгейде квота бөлінуде. Яғни сырттан келетін қандастарға Қазақстанның есігі ашық тұр. Дегенмен бұл аз. Қазақстан тәрізді жері кең һәм аса бай оның үстіне алып мемлекеттердің ортасында отырған жұрттың басты мәселесі ол – халқының аздығы. Бізге көзалартып отырғандар көп. Бұл жағдай кез келген қазақты ойландыруы тиіс. Ал бүгінгі санымыз осындағы өзге ұлт өкілдерін қоса есептегенде, небәрі 18 миллион сәл ғана асады. Бұл – Қытайдың шағын бір қаласындағы халықтың санымен бірдей. Демек, сыртта қалған 5 миллион қандасымызды көшіріп алуға тиіспіз. Неге? Себеп белгілі.

Таратып айтар болсақ, сыртта қалған қандастарымыздың ең көп шоғырланған мекені – Қытай. Ресми деректер аждаһа елінде 1 жарым миллион қазақ бар десе, бейресми деректер 3 миллионның төңірегі дегенді келтіреді. Өкініштісі, қазір ол елдегі қазақтар ассимиляцияға қатты ұшырауда. Қазақ мектептері жабылып жатқаны, ондағы жұрттың Қытай билігі тарапынан қатты қысым көріп жатқаны белгілі. Ол жердегі қазақ жастары Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу секілді ірі шаһарларға барып жоғарғы оқу орындарына түседі. Ал ол жерде ешқандай қазақ тілінің исі шықпайтыны белгілі. Демек, қазақтың көзі ашық жастарының қытайлануы басталады.

Сондай-ақ Ресейде 1 миллионға тарта қазақ тұрады. Мұнда осыншама қазақ өмір сүре тұрса да ол елде қазақ мектебінің саны бес саусаққа жетпейді. Қаншама көген көз қазақ баласы өзінің баба тілінен, әдет-ғұрпынан, мәдениетінен мақұрым өсіп жатқанын осыдан байқауға болады.

Ал ана тілінің уызынан нәр алмаған бала сыртқы келбеті қазақ болғанымен жандүниесі өзге болып шығары хақ. Ондай жаннан иісі қазаққа не пайда? Не істеу керек? Сырттағы қазақты сақтап қалу үшін қайтпек қажет?

Ол үшін - сырттағы қазақтарды көшіріп әкелуге арналған жаңа көші-қон бағдарламасы керек. Елге оралған қазақ ешуақытта қазақы болмысын жоғалта қоймасы анық. Оның үстіне ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуға, демографиялық аухалымызды жақсартуға үлкен үлес қоспақ.

Азаматхан Әміртайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359