Бекшиннің сөздерінше, Оңтүстік Кореяға рейстер саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқарады. "1 наурызға дейін азаматтарға елге қайтуға мүмкіндік береміз", - деді ол.
"Иранмен жағдай жеңіл. Онда шамамен 170 азаматымыз бар. Олар да 1 наурызға дейін қайтуы тиіс. Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Оман секілді елдер қазір Иранмен әуе қатынасын үзді", - деді бас дәрігер.
Ақпан айының басында Қазақстан Қытаймен шекараны жауып, әуе рейстерін тоқтатты.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Коронавирус індеті әлемнің 30 еліне тарады. Вирусты жұқтырып жатқандардың дені Қытайда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем әзрге бұл індетпен қарсы күресуге дайын емес деп мәлімдеді.
Abai.kz