Сенбі, 19 Сәуір 2025
3429 0 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 11:16

"Ферғана-Алматы" жолаушылар автобусы жүре бастайды

Өзбекстанның көлік министрлігінің хабарлауынша, 4 наурыздан бастап "Ферғана-Алматы" жолаушылар автобусы жүре бастайды.

Бұл бағыттың жалпы қашықтығы – 1202 шақырым, жолға 22 сағат 20 минөт кетеді. Халықаралық рейсті Uzautotrans Service пен "Тұлпар-Байқоңғыр" компаниялары жүзеге асырады.

Екі ел арасында автобус қатынасы 90-жылдардың ортасынан бері тоқтап қалған. Бірақ билікке Шавхат Мирзияев келгеннен кейін, 2018 жылдан бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасында халықаралық автобус қатынасы қайта қалпына келді.

Бүгінгі күні Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд қалаларынан Қазақстанның Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент, Түркістан қалаларына жолаушылар автобусы қатынайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086