Жексенбі, 24 Қараша 2024
3637 1 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 11:20

Үкімет коронавирусқа қатысты жағдайды өз бақылауында ұстап отыр - Ералы Тоғжанов

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауында ұстап, тиісті шараларды қабылдап жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайда тіркелген коронавирустың Қазақстан аумағында таралмауына жол бермеу жөнінде Үкіметке нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді. Бұл мәселені Президент жеке бақылауында ұстап отыр. Үкімет отырысында Премьер-Министрдің қатысуымен күн сайын қаралуда. Арнайы іс-жоспарлары бүгін де бекітілген. Аталған мәселені жіті қадағалауда ұстау мақсатында құрылған үкіметтік ведомствоаралық комиссияның тұрақты жұмысы атқарылып, күнделікті қажетті шаралар бойынша нақты шешімдер іске асырылуда», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Үкімет басшысының орынбасары атап өткендей өңір басшыларына да тиісті тапсырмалар беріліп жатқанын жеткізді.

«Мәселенің маңызды екені айдан анық. Неге десеңіз әр азаматтың өмірінің қауіпсіздігін қамтамамыз ету – бәріміздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Вирустың таралу аймағы қысқа мерзімнің ішінде тез өсуде. Бүгінгі таңдағы мәліметке сәйкес коронавирус 88,4 мыңдай адамға жұққан. 3 мыңға жуық адам қайтыс болған. 42,8 мыңнан астам адам жазылып кеткен», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560