Жексенбі, 24 Қараша 2024
4647 1 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 15:14

Серік Тұрдалиев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бағдат Мәнізоровтың орнына бұл қызметке Серік Тұрдалиев тағайындалды. Ол 2017 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен болатын, ол қызметте 2012 жылдан бері болған еді.

"Серік Мэлсұлы қызметінен кеткен жоқ деп те айтуға болады, себебі ол осы уақытқа дейін менің штаттан тыс кеңесшім болды. Кезінде бірге қызмет етіп бастағанбыз. Алматыда алғаш рет бизнес-форум мен қазіргі жүзеге асқан көптеген жобаны өткізген болатынбыз", - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

Еске салайық, былтыр 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Кейінірек экс-орынбасардың қызметінен кеткені айтылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576