Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6680 13 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 13:47

Ұлттық кеңестің жаңа мүшелері кімдер?

Жуырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған ҚР Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты бірлы-жарым өзгеріс болды. 

Ақорда ақпаратына сүйенсек, Ұлттық кеңес құрамынан бірқатар азаматтар шығарылған екен. Ал олардың орнына қоғамдық пікір иелері мен жаңа сарапшылар қосылған.

Сонымен, Ұлттық қоғамдық кеңесінің құрамынан: Эльвира Азимова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Әміртай шығарылды.

Енді бұл ұйым құрамына жаңа сарапшылар қосылады. Олардың қатарында:  Мәжіліс депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, қоғам қайраткері, «Мазмұндама» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыңғыс Мұқан бар.

Сондай-ақ, жаңа құрамға: Қазақстанның Энергетикалық Ассоциациясының бас директоры Арман Қашқынбеков, Қарағанды облысындағы «Талбесік» көп балалы аналар ұйымының жетекшісі, журналист Лаззат Қожахметова, заңгер, республикалық еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Айнұр Сабитова кіреді.

Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылдың 12 маусымында құрылды. 12 маусым күні президент Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ресми ақпарат 13 маусымда жарияланды. Оған қоғамның әртүрлі саласында жүрген 40-қа жуық адам мүше болды. Осы күнге дейін екі мәрте кеңейтілген жиын өткізіп, бірнеше заң жобалары талқыланды. Солардың кейбірі қазір Парламент талқысына берілген.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі күні бүгінге дейін - билік пен халық арасындағы алтын көпірге айнала білген қоғамдық институттың бір тармағына айналды. Ұлттық кеңес талқысындағы жұмыстар елдегі демократияны дамытып, ел-халықтың билікке деген сенімін нығайтуға үлкен үлес қосатын маңызды жұмыс болды. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңес жұмысына берген бағасы еді.

«Ең бастысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғам сенімін ақтай білді. Ол сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырады», - деген Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Ұлттық кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган өкілдерінің бірлескен дискуссиясы қоғамдағы қордаланып жатқан бірқатар мәселені күн тәртібіне шығарып, қоғамдық, экономикалық және саяси мәселелер бойынша жүйелі һәм ұзақмерзімді стратегиялық жобалар әзірлеуге алғышарттар түзілгенін айтқан. Бұл да өз кезегінде Мемлекет басшысының «Әртүрлі көзқарас – бір ұлт» формуласының қоғамдық өмірде қолданысқа енгенін дәлелдейді.

Ел Президенті Қлттық қоғамдың сенім кеңесінің екінші жалпы отырысында ҰҚСК мүшелерінің талықлауының негізінде саяси-экономикалық реформалардың алғашқы бөлігі дайындалғанын сүйіншілеп айтқан еді.

«Демократия - билік үшін де, халық үшін де бөліну мен ыдырауға емес, елдің дамуына қызмет етуі тиіс», - деген еді Президент.

Бұл дегеніңіз - билік пен халықтың сындарлы диалогы кез келген қиындықты еңсеруге қабілетті болмақ деген сөз. Ал ол үшін тапсырмас платформа - Ұлттық қоғамдық сенім кеңес болып отыр.

Президент бастамасымен құрылған Ұлттық кеңеске елішілік сарапшыларды айтпағанда, Халықаралық ұйымдар тарапынан да жоғары баға берілген болатын.

Ұлттық кеңестің құрамына түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар және жетекші қазақстандық сарапшылар кіреді. Ұлттық кеңестің үшінші отырысы 2020 жылдың сәуір айында өтеді деп жоспарланған.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511