Жексенбі, 24 Қараша 2024
2825 8 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 14:35

БҰҰ комиссиясы: Ресейдің Сириядағы әскери қылмыстарға қатысы бар

БҰҰ-ның Сириядағы әскери қылмыстарды зерттеген тәуелсіз комиссиясы Ресейдің улы затпен әуеден соққылауға қатысы барын дәлелдейтін мәлімет тапты. Әуе соққысынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан еді.

Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады. Газет мәліметі бойынша, БҰҰ мамандары Ресей әскерилерінің әскери қылмысқа қатысы барын бірінші болып әшкереледі.​

Арнайы комиссия баяндамасында 2019 жылы Мааррат-эн-Нууман қаласындағы базарға әуеден жасалған шабуыл туралы тың мәліметтер жарияланды. Базарға екі мәрте шабуыл жасалған делінген баяндамада. Екінші шабуыл кезінде алғашқы шабуылдан зардап шеккендерге көмектесуге барғандар зардап шеккен. 43 адам қаза тапты, олардың арасында төрт бала бар. Ал Хас қаласындағы босқындар лагеріне жасалған әуе соққысынан 20 адам қаза тапты.

"Ресей ұшақтары шабуылдардың екеуіне де қатысты деуге негіз бар" делінген есепте.

The Guardian газеті Вашингтондағы Таяу Шығыс институтының сарапшысы Чарльз Листердің сөзін келдірді. Ол БҰҰ мамандарының қорытындысын өте маңызды деп атады, өйткені бұл ұйым мұндай шабуылдарға жауаптыларды өте сирек атайды.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576