«Air-Astanaдағы» көпшiлiкке арналған контенттi кiм таңдайды?
Халықты рухани жаңғыртамыз деген билiктегi идеолог жiгiттердiң құлақтарына алтын сырға.
Бiздiң ұлттық Air-Astana "таңғалдырудан" шаршамайды. Танғы 6:00 ұшқан рейсте жапондар туралы түсiрiлген деректi фильмдi қойыпты. Ɵте қуаныштымыз, ɵзге елдердi таныған жақсы ғой. Бiрақ фильмнiң мазмұны "Ресей туралы не бiлесiң?" деген сұрақтың жауабын iздеуге арналған. Олда жақсы шығар.
Бiрақ, осындай кɵпшiлiкке арналған насихатты контенттi кiм, неге, қай ережелер немесе ұстаныммен таңдайды?
Мен бiлсем қазақ тiлiнде қазақ журналистерi түсiрген кез келген мемлекет туралы жасалған деректi фильмдер жеткiлiктi.
Жалпы ақпараттық шайқаста кɵршiмiз қəсiпқой екенi белгiлi. Жеңiлгендi жер кɵтередi демекшi тоқтамай күресу қажет.
Жеңген емес, жеңiлмеген мықты.
Бағдат Қожахметтің әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz