Жексенбі, 24 Қараша 2024
3349 22 пікір 5 Наурыз, 2020 сағат 11:16

Reuters: Ресей Сириядағы жасағын күшейтіп жатыр

Ресей асығыс түрде Сириядағы әскери жасағын күшейтіп жатыр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпарат 5 наурызда Мәскеуде Ресей және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Ердоған кездесуі алдында жарияланды.

Кездесу Идлибте жағдай ушыққан тұста өткелі жатыр. Сирия президенті Башар Асад армиясы Ресей қолдауымен қарулы оппозицияға қарсы шабулды жалғастырып жатыр. Қақтығыс кезінде түріктің 30-дан астам сарбазы қаза тапқан. Ал Түркия болса, Сириядағы қарулы оппозицияға қолдау көрсетіп келеді.

Reuters агенттігі ақпаратына қарағанда, Босфор бұғазы маңында Ресей теңіз және әуе күштерін күшейтіп жатыр. Алты күн ішінде Мәскеу Босфор арқылы бес кемесін жіберген. Бірақ ресми түрде екеу деп айтылады.

4 наурызда Түркия президенті Режеп Ердоған Мәскеудегі келіссөздерден кейін Идлибте соғыс тоқтайды деп үміттенетінін жеткізді.

Мәскеу де өз кезегінде жағдай жақсарады деп есептейді.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572