Жексенбі, 24 Қараша 2024
3154 6 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 12:42

Сарапшы доллар бағамына қатысты: Айырбастау орындарына жүгірудің қажеті жоқ

Валюта бағамына қатысты экономист Сергей Домнин теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірд.

«Кейбір валюта айырбастау орындары бір долларды 400 теңгеге бағалауда. Қазіргі жағдайда бұл лайықты баға ма?», - деп сұрады «Хабар 24» телеарнаcының тілшісі Сергей Домниннен.

Өз кезегінде сарапшы мұнай құны, рубль бағамы төмендегенін, сондай-ақ теңге бағамында өзгеріс орын алғанын атап өтті.

«Көп жағдайда күйгелектік салдарынан болған ауытқулар орын алуда, яғни біреулер үшін бұл спекулятивтік болып отыр. Олар осындай жағдайды туындатуда. Менің ойымша, жағдай түзелуі тиіс», - деді С. Домнин.

Сонымен қатар ол ел тұрғындарына бірнеше қарапайым кеңесін берді.

«Біріншіден, бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес. Өйткені валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар, ваютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдар өз шығындарын жоспарлаумен айналысуы керек, яғни қадамдарды ұзақ мерзімге белгілеу қажет», - деді экономист.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588