Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4050 6 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 11:12

Америкалық болу мен қазақстандық болудың айырмашылығы

АҚШ нәсілдік, діни және этностық еркіндіктің елі деп жатады. Соны іс-жүзінде қалай түсінуге болады. Соны анықтау үшін Индиана штатының Берн қаласына бардық. Ол Швейцарияның астанасы Берн қаласы емес, бірақ сол қаламен тығыз байланысы бар.

Қалаға кіретін жерде Welcome емес, Willkommen деген жазуды көрдік. Яғни "Қош келдіңіз" дегеннің неміс тіліндегі нұсқасы тұр. Неге?

Қазақстанда өзбек не үйғыр өз тілінде ауылына кіреберісте осылай жазу ілсе, қазақтан таяқ жейтіні анық еді. Сосын Қаланың орталық бөлігінде үлкен сағат қамалы бар екен. Оның қасындағы аллеяда АҚШ туымен қатар Швейцария туы да ілулі тұрды. Егер өзбек өз туын қазақ жерінде іліп қойғанда, тағы да айқас болар еді.

Сонымен, Берн қаласының төңірегіне және өзге де көрші штаттарға кезінде Рим папасынан қысым көрген Швейцариядағы христиан дінінің Минненониттер атты тармағы жаппай көшкен. Олар Еуропада дін еркіндігін таппай, АҚШ-қа жеткен. Содан бері олардың діни сеніміне ешқандай қысым болған емес екен. Олар діни сенімі бойынша жаңа технологияларды және жалпы дамуды негіз ететін кез келген құралдан бас тартқан. Мысалы, өте қолайлы Форд көліктері болса да, әр үйдің қасынан ат арбаны көресің. Әлі күнге дейін дүкеннің қасында көлік тоқтайтын тұрақтан бөлек ат байлатын орын да бар.

Әрине, олардың өміріне глобалиязация әсер етпей қоймаған. Бірақ олардың арасында әлі күнге дейін осы принциптерінен таймаған азаматтары бар екен. Сосын олар үшін Швейцариядағы тарихи мұрасын және тілін ұмытпау маңызды екен. Қайда қарасаңыз, неміс тілінде жазуларды көресіз. Cосын cол жәдігерлерін жинап, келесі ұрпаққа дарытумен айналысатын арнайы коммерциялық емес ұйымдары да бар екен.

Біз білетін алып АҚШ-тың ішінде осындай қауымдастықтар бар екендігіне өзім де таңмын. Алдағы уақытта Юта штатындағы мормондарға да барып қайтуды жоспарлап отырмыз!

Жолдас Өрісбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553