Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4809 6 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 14:41

Украинаның бұрынғы президенті елден кетті

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко елден кетті,-деп хабарлайды РИА Новости.

Порошенконың адвокаттары оның Украина аумағынан шығып кеткендіктен, Мемлекеттік тергеу бюросына (GBR)  бара алмайтынын айтты. Алайда, олар Порошенконың қай елге кеткені жөнінде ақпарат бермеген.

Бір күн бұрын Мемлекеттік бюроның баспасөз қызметі Порошенконың 13 наурызда жауап алуға шақырылғанын хабарлаған болатын. Бірақ, жауап алу нақты қандай жағдайға байланысты екенін айтпаған. Ал, БАҚ Украинаның бұрынғы басшысы жауап алу кезінде тұтқындалуы мүмкін екенін жазды.

Бұған дейін «Слуга народа» партиясы фракциясының депутаты Александр Дубинский Порошенкоға қарсы 2018 жылға жалған ақпарат жариялау туралы іс қозғалғанын хабарлады. Порошенко 6 наурызда Мемлекеттік тергеу бюросына барып, бұл істі жабуды міндеттейтін сот шешімі бар екенін айтқан. Алайда, Украинаның Мемлекеттік тергеу бюросы мұндай хабарлама алмағанын хабарлады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 864
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2264
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 560