Жексенбі, 24 Қараша 2024
2469 12 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 14:56

Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында ғалымдар  Тіл саясаты комитетінің әліпбиді жетілдіруге қатысты еліміздің барлық өңірлерінде, жоғарғы оқу оындарында, мектептерде өткізген әліпбиді жетілдіруге байланысты сынама нәтижелерімен және  талқылау, сауалнама нәтижелерімен танысты.

Кеңесте  ғалымдар әліпби құрамына с, w, х таңбаларын енгізу қажет пе, ц, ч дыбыстарына таңба арнаудың өзектілігі қандай, и, і және ң дыбыстарының таңбасы жеке-жеке  қайтадан қарастыру дұрыс па деген мәселелер талқылады.

Ғалымдар ң дыбысын оқуға, жазуға ыңғайлы n таңбасының үстіне тильда беріп, классикалық үлгіде пайдалану дұрыс деп щешті.  Дегенмен әліпбиге C қарпін енгізу, С (си) дыбысымен Ц әріпін таңбалау  немесе оны әліпбиге мүлде  енгізбеу туралы мәселеде  ғалымдар  пікірі екіге жарылды. Бұл мәселе әлі де талқыланатын болады.

Сондай ақ W,X,C дыбыстарын әліпбиге кірме сөздерді пайдалану үшін қосымша дыбыстар ретінде алуды және пернетақтада орналастыруды дұрыс деп шешті.  Әліпбидегі басқа дыбыстар, таңбалар Ұлттық комиссия жанындағы төрт жұмыс тобы ғалымдары мақұлдаған қалыпта қалдырылды.

Әліпбиді жетілдіру жұмыстары жалғасады. Кейбір  пікір қайшылығын тудырған дыбыстарға байланысты сараптаулар жасалынады.

Жетілдірілген әліпби жобасы толық талапқа сай болғанда Үкіметтегі Ұлттық комиссяның қарауына ұсынылатын болады.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5684