Жексенбі, 24 Қараша 2024
2412 6 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 10:51

Ресейдің Конституциялық соты: Путиннің президенттік мерзімдерін жою - заңды

Ресейдің Конституциялық соты 16 наурызда президент Владимир Путиннің президенттік мерзімдерін жоюды қарастыратын құжатты заңды деп таныды. Бұл туралы сот сайтында хабарланды.

Судьялардың пікірінше, "Путин мерзімдерін жоюдан мемлекеттік конституциялық сипатына нұқсан келмейді, өйткені парламентаризм, көппартиялық жүйе, саяси бәсекелестік дамыған, билік бөлінісі мен сот әділдігінің тиімді үлгісі қалыпқасқан".

Ресей президенті Владимир Путин Конституцияға өзгеріс енгізудіжыл басында президенттік жолдауында ұсынған. Бастапқыда Путиннің президенттік мерзімдерін жою туралы ұсыныс болмады. Бірақ 10 наурызда, Мемлекеттік Дума заң жобасын екінші оқылымда талқылап жатқанда, "Единая Россия" партиясының депутаты, әлемдегі алғашқы ғарышкер әйел Валентина Терешкова қазіргі мемлекет басшысының президенттік мерзімдерін жоюды ұсынды. Оның айтуынша, Путин сайлауда жеңіске жетсе, елді кем дегенде 2036 жылға дейін басқара алады.

Терешкова ұсынысынан соң Мемлекеттік Думаға келген Путин идеяны Конституциялық сот қарау керек деген. Одан соң Дума заң жобасын сол күні-ақ мақұлдады.

Құжатты Федерация кеңесі де қабылдап, президент қол қойды. 14 наурызда құжат Конституциялық сотқа түсті.

Ресейдің бірнеше қаласында мұндай заңның қабылдауына қарсы пикеттер өтті. Ондаған белсенді ұсталды.

Конституцияға түзетулерді дауысқа салу сәуір айына жоспарланған, бірақ билік оны коронавирусқа байланысты өткізбеуі мүмкін.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708