Жексенбі, 24 Қараша 2024
2733 0 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 10:45

Еуропалық Одақтың Шенген аймағына кіруге 30 күн тыйым салынды

Еуропалық Одақ елдерінің жетекшілері сейсенбі күні Еурокомиссияның Шенген аймағына кіруге 30 күн тыйым салу туралы ұсынысымен келісті. Мұндай шешім коронавирусқа байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель хабарлады.

Оның айтуынша, Германия қазірдің өзінде шетел азаматтарын ЕО елдеріне кіргізбей жатыр. Меркель жақында ғана Еуропалық Одақтан шыққан Ұлыбритания азаматтары да ұйым аймағына кіре алмайтынын ескертті.

Шенген аймағына кіруге тыйым салынатынын бұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон да хабарлаған.

Шенген аймағына Еуропалық Одақ елдерінің дені, сонымен бірге Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн кіреді. Бұл елдер арасында шекара бақылауы жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жақында Еуропаның коронавирус эпидемиясының ошағына айналғанын мәлімдеген. ЕО елдерінде ондаған мың адам ауру жұқтырды. Италия мен Испания, Германия мен Франция азаматтары жұқпалы кеселден зардап шекті. Вирус Еуропалық Одақтың барлық еліне тарады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5734