Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
3269 1 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 10:57

Мемлекет басшысы медицина мамандарына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге сыйақы берілетінін айтты. Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды. 

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілді. Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.

Ал, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 35-ке жетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2162
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3822