Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
46 - сөз 2101 4 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:19

Мемлекет бағаны негізсіз өсіргендерді жазалауы тиіс

Қырғыздар жарап тұр. Базарлар мен дүкендердегі ұн, май өнімдерінің бағасын өсірген спекулянттарды ұстап, жазаға тартуды бастады. Бұл дұрыс қадам.

Бізге де дәп қазір осындай қадамға бару керек. "Баға тұрақты" дегенмен әр өңірден, сауда орталықтарынан түрлі өнімдердің бағасының өскені жайлы хабарлар келіп жатыр. Мемлекет басты қажетті өнімдердің бағасын (ұн, май, ет, сүт, қант, жемістер, макарон өнімдері мен өзге де қажеттіліктер) қадағалауы тиіс.

Негізсіз өсіргендерді жазалауы міндетті. Қазір халық тек қана азық-түлік пен дәрі алатын болады. Оның бағасы шарықтамауы керек. Мемлекеттің тұрақты болуы - осы міндетті шеше алуымен байланысты.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4144